Бақдәулет Тұрбекұлы Берлібаев

Бақдәулет Тұрбекұлы Берлібаев

Авторы

  • Bakdaulet Berlibayev AUES

Аннотация

Берлібаев Бақдәулет Тұрбекұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық ғылым академиясының (Ресей) педагогикалық білім академигі. Ол, 1953 жылдың 17 қаңтпрында Алматы облысының Нарынқол ауданы, Воаршилов (қазіргі Қошқар ауылы) колхозындағы қызметкер жанұясында дүниеге келіп, 1961-71 жж. Киров колхозындағы (қазіргі Шалкөде) орта мектепті бітірді. 1971-75 жж. әскери борышын өтеп келгесін, бір жылдай осы колхзда құрылысшы болды да, 1974-75 жж. Абай атындағы ҚазПИдің тарих факультеттің дайындық бөліміне оқып, 1975-1979 жж. осы факультеттің толық курсын үздік белгімен бітіргеннен кейін, өзі бітірген институттың КОКП кафедрасындағы педагогтық қызметін ассистент лауазымынан бастаған. 1991 ж. «Қазақстандағы колхоздардың өндірістік байланыстарының даму мәселелері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2002-2005 жж. Қазақ-Британ Техникалық университетінде оқытушылық қызметте болды. 2010 жж. «Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)» тақырыбында екі мамандық бойынша докторлық диссертациясын қорғап, 2010-2011 жж. Алматы қаласындағы Қазақ-Түрік университетінің «Тарих және дін тану» факультетінде декандық қызметінде болған Бақдәулет Тұрбекұлы, 2011 жылдан күні бүгінге дейін Алматы энергетика және байланыс университетінде профессорлық қызметінде еңбек етіп келеді.

Загрузки

Опубликован

2022-12-30