HISTORIOGRAPHY OF THE NEW ECONOMIC POLICY OF XX CENTURY AND AT THE BEGINNING OF XXI CENTURY

Авторы

  • Айша Бегалиева КазНУ им. Аль-Фараби
  • Венерa Хайруллаева Халық шаруашылығы университеті

Ключевые слова:

тарихнама, кеңестік билік, аймақ, жаңа экономикалық саясат, аграрлы саясат, реформа.

Аннотация

Мақалада тарих ғылымында жаңа экономикалық саясатты
зерттеудің кезеңдері көрсетілген. Осы мәселеге деген зерттеушілердің көзқарасы
саяси конъюнктурамен анықталды. Тек соңғы жылдары ғана жаңа экономикалық
саясаттың міндеттері мен мақсаттарына объективті баға берген жұмыстар жарыққа
шықты.
21
Отан тарихы, №3 (87), 2019
Жаңа экономикалық саясатты тарихи әдебиетте зерттеу кезеңдері Ресей
Федерациясындағы түбегейлі өзгерістерге байланысты. Бұл тақырыпқа
қызығушылық жоғары. ЖЭС тәжірибесі экономикалық реформалар жүргізгенде,
өтпелі дәуірдегі экономиканың дамуына өте қажет.
ХХ ғ. аяғы - ХХІ ғ. басындағы радикалды-демократиялық зиялылардың
арасында саяси-идеологиялық институттардың зерттеушілердің жұмысына ықпалы
қазіргі оқырман үшін олардың құндылықтарын айтарлықтай көтереді деген сенім
қалыптасты. Біздің ойымызша, кейбір объективті негіздерді біле отырып, мұндай
тұрғыда қарау ХХ ғ. Ресей экономикалық тарихы бойынша зерттеулерге деген
сабақтастыққа қауіп төндіреді, өйткені ол өткен он жылдықтардағы көптеген
авторлардың жетістіктерін дұрыс қабылдамаға әкелуі мүмкін.

Биографии авторов

Айша Бегалиева, КазНУ им. Аль-Фараби

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушы.
Алматы қ., Қазақстан

Венерa Хайруллаева, Халық шаруашылығы университеті

Халық шаруашылығы университетінің қауымдастырылған профессоры,
Алматы қ., Қазақстан

Загрузки

Опубликован

2019-09-30

Выпуск

Раздел

Методология, Всемирная история